Оқиға • Бүгін, 12:28

«Көгерген нан өнімдері шашылып жатыр»: Атырауда тұрғындар наубайханаға шағым жасады

1 мин
оқу үшін

Атыраудағы шағын аудандардың бірінде мерзімі өткен нан өнімдерінің далаға тасталуы тұрғындардың наразылығын туғызған. Тұрғындардың айтуынша, шашылып жатқан нан өнімдері кесірінен кеміргіштер қаптап, санитарлық ахуал нашарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көгерген нан өнімдері шашылып жатыр»: Атырауда тұрғындар наубайханаға шағым жасады

Фото: stan.kz

Әлеуметтік желіде дабыл қаққан қала тұрғындары бұл жағдайға санитарлық мамандардың назар аударып, шұғыл шара қолдануын талап етіп отыр. Ал жауапты органдар тексеріс тек тұрғындар тарапынан ресми шағым түскен жағдайда ғана жүргізілетінін мәлімдеді.

Нанды ең көп жейтін облыс анықталды

Наубайхана иесінің айтуынша, бұл – аудандардан қайтқан нан. Айдың басында барлық жүргізуші Сағыз, Мақат, Доссор секілді ауылдардан осылай жинап әкеледі. Оны ауылдан келетін үлкен кісілер малға пайдалану үшін сол күні-ақ тегін алып кетеді.

«Біз оны жерге шашпаймыз, өйткені шашылған нанды қайта жинау өзімізге де тиімсіз, артық жұмыс. Бізде нан ешқашан қалмайды, бұл айына бір рет қана болатын жағдай», дейді наубайхана басшысы.

Нан – берекенің көрсеткіші

Соңғы жаңалықтар