Қоғам • Кеше

Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды

1 мин
оқу үшін

2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Осылайша, жаңа техниканың прототипі жасалып, кейін ол Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Абай облысында сынақтан өткізілді.

Сынақ барысында өрттерді сөндіру кезінде туындаған барлық ұсыныстар мен ескертулер жиналып, сондай-ақ мұндай техникаға қойылатын техникалық талаптар ескерілді. Нәтижесінде негізгі талаптардың барлығына сай келетін өрт сөндіру машинасы жасалды.

Үш жылдағы өзгеріс: Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы екі есе өсті

көлік

Машинаның жол талғамайтын мүмкіндігі жоғары, су цистернасының көлемі шамамен 3000 литрді құрайды, қозғалтқыш қуаты шамамен 300 ат күшіне тең және қуатты сорғымен жабдықталған. Бұл сорғы өртті бір орында тұрып та, қозғалыс кезінде де сөндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сорғыны жүргізуші кабинасынан да, өрт сөндіру бөлігінен де іске қосуға болады.

Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Артқы көрініс камерасы бар, сондай-ақ машинаның периметрі бойынша тосқауыл жасап доңғалақтарды, кабинаны және қозғалтқыш бөлігін қорғайтын өздігінен өрт сөндіру жүйесі орнатылған.

көлік

Бұл техника посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей жоба және орман өрттерін сөндірудегі заманауи шешім ретінде бағаланады. 

Соңғы жаңалықтар