Қоғам • Бүгін, 21:19

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

1 мин
оқу үшін

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өртке су себетін түтік құбыр ұрланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

«30 жастағы ер адам бірнеше күн бойы Б.Момышұлы даңғылында орналасқан тұрғын үйдің кіреберісінен өрт сөндіру жеңдерін жасырын түрде алып шығып отырған. Барлығы 28 өрт сөндіру жеңі ұрланған, оның 10-ын сатып үлгерген. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 360 мың теңгені құрады», деп хабарлады Астана қаласы Алматы аудандық полиция бөлімінен.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар

Ел рекорды жаңарды

Спорт • Бүгін, 20:51