Әлем • Бүгін, 20:30

Ормуз бұғазына балама: Түркия мен Сауд Арабиясы жаңа теміржол дәлізін салады

1 мин
оқу үшін

Теміржол бағыты Сауд Арабиясынан басталып, Иордания мен Сирия арқылы Түркияға дейін жетеді және әрі қарай Еуропамен жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ормуз бұғазына балама: Түркия мен Сауд Арабиясы жаңа теміржол дәлізін салады

Фото: media.az

Болашақта бұл желіні Кувейт, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Оманға дейін ұзарту жоспарланып отыр. Жоба аясында екі келісімге қол қойылды.

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Түркияның Көлік министрінің айтуынша, жоба жеткізу тізбегіндегі іркілістер жағдайында Ормуз бұғазына балама бағыт қалыптастыруды көздейді.

Жаңа теміржол Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалы үшін маңызды құрлық дәлізіне айналады.

Соңғы жаңалықтар

Ел рекорды жаңарды

Спорт • Бүгін, 20:51