Экономика • Бүгін, 11:50

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, баға ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасып отыр.

«Менің мәліметім бойынша баға 3-4 теңгеге өсті. Сондықтан баға 10 теңгеге өсті деген пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл – нарықтық жағдай. Қандай да бір картельдік келісім жоқ. Бағаны ішкі сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Мұнай бағасы да қазір қатты өсіп жатқан жоқ, шамамен 93,5 доллар деңгейінде тұрақтап тұр», деді министр.

Сонымен қатар ол Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты.

Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

Еске сала кетейік, бұған дейін Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов жаһандық саяси ахуал елдегі жанармай бағасына айтарлықтай әсер етпейтіндігін айтқан болатын. Оның сөзінше, мемлекет әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында бағаны реттеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ел рекорды жаңарды

Спорт • Бүгін, 20:51