Қоғам • Бүгін, 11:10

Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеген

1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесінің деректері бойынша шекті бағаларды реттеу тетігі күшіне енгенге дейінгі кезең мен 2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша еліміздің 20 өңіріндегі дәріханаларда сатылатын 2635 дәрілік препараттың атауына салыстырмалы баға талдауын жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеген

Фото: Ашық дереккөз

Мониторингтің қорытындысы бойынша 1309 препараттың (49,5%) бағасы өзгеріссіз қалғаны, ал 669 дәрілік заттың (20,4%) бағасы төмендегені анықталған.

Жалпы алғанда, бөлшек сауда желісінде сатылатын 4994 дәрілік препарат шекті бағаларды реттеу тетігімен қамтылған. Реттелетін сегментте препараттардың жартысынан астамының бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр.

Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті

«Дәрілік заттарға белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету фактілері анықталған жағдайда, сіз DariKZ мобильді қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауарлық чек пен дәрілік заттың қаптамасы) қоса тіркеп, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жібере аласыз», делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы дәрілік заттарды қолданғаннан кейін туындаған жағымсыз әсерлер туралы ақпаратты да жіберуге болады.

2027 жылдан бастап ел тұрғындары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады

Сонымен қатар, ТМККК және МӘМС шеңберінде қолданылатын 3000-нан астам препарат, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар қосылған құн салығынан босатылған.

Бұған дейін дәрі-дәрмекке байланысты заңға маңызды түзетулер енгізілгені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар