Бокс • 07 Шілде, 2022

Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.

Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.

Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.

Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.

Аяна Тоғанбек