![Головкин мен Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды](/media/2022/07/07/crop-27_30_1685x2492_y.jpg)
WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.
Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.
Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.
Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.
Аяна Тоғанбек