Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастады

385 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Күзгі егіс жинау науқанында жанар-жағармай тапшы болып, шаруаны алаңдатып қоятыны бар. Биыл мұндай жағдайдың алдын алу үшін Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарын ертерек аяқтап, жұмысын қайта бастады. Алдағы уақытта өнім шығару көлемін 9 мың тоннаға дейін ұлғайтамыз деп отыр.

Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастады

Негізгі міндет – қалыпты жұмыс режіміне оралу

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Пав­лодар мұнай-хи­мия зауытында болып, кәсіп­орынның қызметімен, жос­парлы жөндеуден кейін зауытты іс­ке қосуға дайындық барысымен, сондай-ақ кәсіпорын мен сервис­тік (аут­сорсингтік) компа­ния­лар қыз­мет­керлерінің еңбек жағдай­лары­мен та­нысты.

Жөндеу жұмыстары кезінде «Аза­маттық қорғау туралы» Қазақстан Рес­публикасы за­ңы­ның талап­тарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орын­далды. Зауытта жұмыс­тың өнді­рістік циклін үздіксіз қамта­масыз ету үшін жабдықтың өнер­кәсіптік қауіпсіздігіне техни­ка­лық куәландыру және сараптама жүргізілді. Сонымен қатар тех­нологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын алу жөндеу жұ­мыс­­тарына сәйкес жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыру іс-шаралары жүргізілді.

Вице-премьер бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мың­нан 9 мың тоннаға дейін ұлғай­ты­латынын атап өтті. Негізгі міндет – қалыпты жұмыс режіміне оралып, күзгі егіс жұмыстарына ал­дын ала дайындалу және энер­гия ресурстары бағасының кө­те­рілуіне жол бермеу арқылы еліміз­дің орталық және солтүстік өңірлерін қамтамасыз ету.

Е.Тоғжанов зауыттағы жөндеу жұмыстары кезінде жағармай бағасы бұрынғы деңгейде қалғанын айтты. Жазғы кезеңде туристердің келуіне байланысты жағармай жеткізуде қиындықтар туындағанымен Үкімет және тиісті органдар бұл мәселелерді жедел түрде шешіп отырды.

«Энергетика министрінің ІІ жарты ­жылдыққа арналған жанар-жағармай материалдарының бағасы бойынша бұйрығы бекітілді. АИ-92 бензинінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды (литріне – 182 теңге), Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын есепке алмағанда, мұнда логистиканың қымбаттауына байланысты бензиннің бір литрінің бағасы 187 теңге тұрады. АИ-95 маркалы бензиннің бағасы реттел­мейді (бұрын 215 теңге болса, қазір де орташа баға сондай болып қалды). Дизель отынының бағасы өңір­лердің ерекшеліктеріне қарай бұрынғы деңгейде сақталып қалды, литріне – 230-260 теңге. 28 шілдеден бастап ПМХЗ жөндеуден кейін өз жұмысын бастайды», деді Е.Тоғжанов.

Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасы шеңберінде еңбек кірістерін­дегі теңгерімсіздікті жою және жұ­мыскерлердің жалақысын салалық орташа көрсеткіштен төмен емес дең­гейде арттыру, халықты өнім­ді жұ­мыспен қамтуды ұлғайту мақ­са­тында мем­лекеттік қолдау шара­ларын алу кезін­де бизнестің міндетте­мелері бел­гіленді.

2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша «ПМХЗ» ЖШС 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервистік (аутсор­сингтік) компаниямен 29 шарт жасас­ты. Осы мәселені реттеу мақсатында «ПМХЗ» ЖШС бұрын аутсорсингке шығарылған персоналдың жалақысын және әлеуметтік пакетін одан әрі арттыра отырып, сервистік компаниялардың қызметтерінің құнын арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ аутсорсинг қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша шарт сомасын ұлғайту үшін қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен келісілді.

Сонымен қатар жалақыны арттыру «ПМХЗ» ЖШС қаржылық мүм­­кін­­­діктеріне қарай жүргізіліп, жұмыс­кер­лердің біліктілігіне, орындайтын жұмыс­тың күрделілігі, саны және сапасына, ең­бек шарттарына қарай, сондай-ақ ұлғай­тусыз қолданыстағы мұнай өңдеу тарифі шеңберінде дифференцияланады.

Аутсорсингтік компаниялар персо­налының лауазымдық және тарифтік мөлшерлемелері әр компания үшін жекелей жұмыскерлердің біліктілігі, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына байланысты 14-тен 56%-ға дейін ұлғайтылады.

Кездесу соңында Е.Тоғжанов кәсіп­орын басшылығына кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол зауыт басшылығына өңірдегі колледждердің бірін өз қамқорлығына алуды ұсынды.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнайды отын нұсқасы бойынша өң­дейді және өңдеу тереңдігін 88%-ға дейін қамтамасыз етеді, бұл үздік өнді­рушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арнал­­ған отын, дизель отынын, мазут, мұнай кок­сын, жол битумын, комму­нал­дық-тұр­мыстық мақсаттағы газдар шығарады.

л

Үлгі аларлық бастамалар бар

Сонымен қатар Премьер-Министр­дің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде көпбалалы аналармен кездесіп, «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығының қызметімен танысты.

Өңірде өскелең ұрпақтың дамуына едәуір көңіл бөлініп, көпбалалы от­басыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың сәуірінде «Ба­қытты отбасы» отбасыларды қолдау орталығы іске қосылды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуын­ша, орталық көмекке мұқтаж азамат­тарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орта­лықтың тағы бір бағыты – қиын өмір­л­ік жағдайға тап болған адамдарды уақтылы анықтау.

Төрт ай ішінде 1,5 мың адам кеңес алып, 413 өңір тұрғыны қолдау шараларымен қамтылды. Сондай-ақ 210 адам жұмысқа орналастырылып, 26 адам кәсіби оқудан өтті және 11 азамат өз кәсібін ашуға шағын несие алды. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін «Бақытты отбасы» орталығында 3 мыңға жуық адамды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Е.Тоғжанов әлеу­меттік осал топтар санатындағы әйел­дер­мен және өз кәсібін ашқан көпбала­лы отбасылармен кездесті. Кә­сіпкер әйел­дер мемлекеттік қолдау және Әйел­дер кәсіпкерлігін дамыту орталы­ғының көмегімен жүзеге асы­рылған жобалары туралы айтып берді.

Мұн­да оларға заң мәселелері және биз­нес-жоспарлары құрастыру бойын­ша көмек көрсетіледі. Вице-премьер­дің пікірінше, бұл үлгі аларлық бастамалар.

«Маңызды әлеует бар. Біз республика көлемінде жүзеге асыруға болатын шынайы мысалдарды көрдік. Мұндай бастамаларды қолдап, дамыту керек», деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

2023 жылдан бастап «Павлодар облысының ауылдық округтері хал­қының табысын ауқымды және тиімді арттыру» қанатқақты жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

«Жобаның мақсаты – ауыл тұрғын­дарының өмір сүру деңгейі мен эко­номикалық жағдайын көтеру», деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.Өтешов.

Қанатқақты жобаны іске асыру үшін атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жоғары 5 ауылдық округ анықталып, оларда ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жоспарланып отыр. Негізгі бағыттар – мал және құс ша­руашылықтары, бал арасы мен бақ­ша жидектерін өсіру, өсімдік шаруа­шы­лығы мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу. Осы арқылы ауылдық жерлерде 350 жаңа жұмыс орны құрылады.

Үкімет халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында қабылдаған шаралар бюджет қаржысын әділ бөлу және табыс деңгейі төмен азаматтарды қолдау арқылы «Әділетті Қазақстан» концепция­сын іске асырады.

Біріншіден, Үкімет бюджеттік сала жұмыскерлерінің еңбекақысын көтеру және әлеуметтік төлемдерді индек­сациялау бойынша барлық әлеумет­тік міндеттемелерді орындайды.

Екіншіден, табысы жоқ аза­мат­тардың жұмыс орындарын құру және біліктіліктерін көтеру, жаңа дағдыларды меңгеруі арқылы эконо­микаға әлеу­меттік кіріктірілуі, сондай-ақ ең­бекақы дең­гейі төмен әлеуметтік осал тұр­ғын­дар тобын қолдау бағдар­ла­маның әлеу­меттік бағытын нақты­лайды.

Үшіншіден, бизнес қауымдас­тықпен бірлесіп қабылданған еңбек­ақы айыр­машылығын азайтуға және өндірістік персоналдың еңбекақысын арт­тыруға бағытталған жүйелі шешім­дер білім және біліктілік деңгейін есепке алған­да­ғы аз жалақы төленетін азаматтар санат­та­ры­ның еңбекақысын көте­руде жекелей (әділетті) көзқарасты қам­та­масыз етеді.