Білім • 01 Қыркүйек, 2022

Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жекеменшік жоғары оқу орындары ректорларымен кездесті. Жиын барысында бизнес қоғам­дастықпен бірлесіп білім беру бағ­дар­ламаларын әзірлеудің жаңа тәсіл­дері мен өңірлік жоғары оқу орындарын да­мыту мәселелері талқыланды. Сон­дай-ақ түлектерді жұмысқа орналас­тыру тетіктері мен жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа тәсілдері

Жоғары оқу орындары басшылары уни­верситеттердің қызметін тексеру, жеке­меншік ЖОО арасында кадр даярлауға мемлекеттік тапсырысты тең бөлу мәселе­лерін көтерді. Бұдан бөлек ректорлар жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін норма­тивтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты.

«Университет базасында, әсіресе өңірлік жоғары оқу орындары базасында бизнес-инкубаторлар мен технопарктерді дамы­ту жөніндегі норманы заңнамалық тұрғы­дан бекіту қажет. Біз академиялық артық­шылық орталықтарын құру жөніндегі жоба шең­берінде өңірлік университеттердің инно­вациялық инфрақұрылымын дамыту мүм­кіндіктерін қарастырамыз. Зерттеу жүргізу үшін ғылыми зертханаларды құрудың уақыты келді. Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша жыл сайын 500 ғалым ше­телдік ғылыми тағылымдамаларға жібе­ріледі. Нақты нәтижелер мен зерттеулер жүргізу үшін ғалымдарға жағдайлар жасалуда», деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр өңірлік жоғары оқу орындарын дамытуға, цифрландыруды күшейтуге және ЖОО оқытушылары мен топ-менеджментінің біліктілігін арттыруға баса назар аударды.