Әлем • 07 Қыркүйек, 2022

Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz  «Халық Газетіне» сілтеме жасап.

Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті

Қытайдың Сычуань өлкесінің Лудин қаласында болған 6,8 балдық жер сілкінісінен 74 адам қаза тапты. Сондай-ақ 26 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 259 адам жарақат алды.

Қазір осы апаттық жағдайға байланысты әлі де қосымша статистика беріліп жатыр. Жер сілкінісінен зардап шеккен орындарда апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.

 

 Ғылымнұр КӘДІРБАЙ