Президент • 06 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», деп жазылған Президенттің жеделхатында.