Спорт • Бүгін, 20:45

Challenge Cup: Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі турнирде топ жарды

1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Challenge Cup: Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі турнирде топ жарды

Фото: Getty Images

Отандасымыз гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды. Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинады.

Екінші орынды хорватиялық Тина Зельчич (12,650) иеленсе, өзбекстандық Дилдора Арипова (12,450) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

Сондай-ақ, 24 мамыр күні Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль еншіледі. Ал Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда топ жарса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленген еді.

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Соңғы жаңалықтар