Пікір • 08 Қыркүйек, 2022

Ел игілігіне қызмет

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына халқымыздың аяулы перзенті Д.Қонаевтың «Қай істе де халыққа сүйендік, айналып өткен жеріміз жоқ» деген сөзін арқау еткім келеді. Біздің ең басты жетістігіміз – біртұтас елдігіміз. Ал мемлекеттің негізі – халық. Сол халықтың Мемлекет басшысының әр Жолдауын үлкен үмітпен, зор сеніммен күтетіні тағы анық.

Ел игілігіне қызмет

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолай­лы жағдай жасалуға тиіс» деді. Осы­ған орай орта білім алушыға жан-жақ­ты қолайлы орта қалыптастыруға арнал­ған «Жайлы мектеп» жобасы білім са­ласын жетілдіруге бағытталған бас­та­ма­лардың бірі екені сөзсіз. Себебі жоба шеңберінде Мемлекет басшысы инно­ва­циялық технология арқылы оқу-тәр­бие жұмысын жақсартуға, жалпы елімізде заманауи талапқа сай білім орда­лары­ның көптеп салынуына мән беріп отыр.

Балаларымыздың білім алуына қолайлы жағдай туғызу үшін, ең алдымен, үш ауысымдық мектептер мәсе­лесі шешілсе дейміз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – білім саласында ілгері­леу үшін жасалып жатқан жақсы қадам. Тағы бір жағымды жаңалық, ұлт ұрпағының сапалы білім алуы үшін педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандартын қабылдау мәселесі. Бұл жағдайда ұстаздардың құзырет аясы айқындалып, мамандықтың абырой-беделі арта түсері анық. Бәсекеге қабілетті, өзгеріске бейім, қоғамның талабына сай тұлғаны қалыптастыру үшін жаһандық ғылыми-техникалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп, ағылшын тілінде оқытуды күшейту маңызды. Бірнеше тілді білудің артықтығы жоғын баса айтқан Мемлекет басшысының сөзіне қосыла отырып, басым бағытты өз ана тілімізге аударуды қолдаймын. Ұлт болып қалыптасу үшін ана тіліміздің деңгейі бірінші орында тұруға тиіс. Мемлекеттің басты күші жастарда болса, жастарға артылған сенім өз ұлтының құндылықтарын құрметтеумен көрінуі керек.

Білім саласында Оқу-ағарту министр­лігінің Мемлекет басшысының тапсыр­масын орындауда белсенді іс-әрекет­терді қолға алғанына куә болып келе­міз. Мәселен, министрлік мұғалім мәрте­бесін арттыруда ата-аналардың үлесі зор екенін ескеріп, екіжақты әріптес­тік қарым-қатынасты орната оты­рып, білім беру ваучерлерін енгізуді жоспар­лап отыр. Ұлт сапасының дамуына тағы бір үлес қосатын дүние – мем­лекет бөлетін қаражаттың білім беру есеп­­шот­тарында жинақталуы. Ұлттық қор­­дың шын мәнінде ұлттық мәртебе­ге ие болып, халықтың игілігіне жұмса­луы көп түйіннің шешімі болары анық. Бұл бастама әрбір баланың болаша­ғына құйылатын инвестиция екенін ескергеніміз жөн.

 

Рысжан ШАМҰРАТОВА,

Нұр-Сұлтан қаласындағы «№2 «Дарын» лицей-мектеп-интернатының басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024