Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2022

Қазақ боксын әлемге танытты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандасымыз Геннадий Головкинге қолдау білдіріп, өзінің Instagram парақшасына пікір қалдырды.

Қазақ боксын әлемге танытты

«Отандасымыз Геннадий Головкиннің @gggboxing кезекті тарихи жекпе-жегіне куә болдық. Бұл кездесуде бабы мен бағы қатар шаппаса да ол біз үшін қашанда чемпион болып қала береді. Бұған дейін талай мәрте жарқын жеңістерімен баршамызға қуаныш сыйлаған спортшымызды біз әрдайым қолдаймыз.

Геннадий Головкин ел спортын дамытуға, қазақ боксын әлемге танытуға үлкен үлес қосты. Оның чемпиондық жолдағы қажырлы еңбегі, төзімділігі мен табандылығы әрбір қазақстандық атлет үшін үлгі-өнеге екені сөзсіз. Головкинге еліктеп өскен жас боксшыларымыз шаршы алаңда әлі талай атой салады деп сенеміз.

Чемпионымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз! Біз сені әрдайым мақтан тұтамыз, Гена!», делінген instagram-дағы парақшасында.