Пікір • 19 Қыркүйек, 2022

Жаңару жолына жасалған қадам

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз жаңа саяси модельге көштік. Жаңару жолына түстік. Президент бастаған реформалардың жүзеге асуы біздің оған жеткілікті әлеуетіміз барын білдіреді.

Жаңару жолына жасалған қадам

Біздің күш-жігеріміз, қайратымыз осы кезде керек. Президенттің ұсынуымен ел басқарушы адам 7 жылдық мерзімнен кейін екінші рет өзін-өзі президенттікке ұсынбауы және сайланбауы керек деген өте дұрыс шешім.  

Біріншіден, бұл билікті монополизациядан, бір қолға шоғыр­ланудан құтқара­ды. Сондай-ақ жас саяси көш­басшылардың алдын­дағы буынға қарап өсуіне, жаңа саяси менедж­мент­тің қ­а­лыптасуына, лидерлік жолға түсуіне үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ 7 жылдық мерзімде Президентке бір ғана мүмкіндік беріледі. Осы елді гүлдендіру үшін, осы елді алға жетелеу үшін оған халық өзінің аманатын сеніп тапсырады.

Сондықтан үміткер  бар күш-жігерін жұмсап, өзінен кейін қалдыратын із, өзінің бар мүмкін­дігін сарп етіп, ел үшін жұмыс істеп, қателіктен сақтанады. Халыққа барынша қызмет етіп, жақсы із қалдыруға күш салады. ­

 

Дана НҰРЖІГІТ,

Сенат депутаты