Біздің күш-жігеріміз, қайратымыз осы кезде керек. Президенттің ұсынуымен ел басқарушы адам 7 жылдық мерзімнен кейін екінші рет өзін-өзі президенттікке ұсынбауы және сайланбауы керек деген өте дұрыс шешім.
Біріншіден, бұл билікті монополизациядан, бір қолға шоғырланудан құтқарады. Сондай-ақ жас саяси көшбасшылардың алдындағы буынға қарап өсуіне, жаңа саяси менеджменттің қалыптасуына, лидерлік жолға түсуіне үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ 7 жылдық мерзімде Президентке бір ғана мүмкіндік беріледі. Осы елді гүлдендіру үшін, осы елді алға жетелеу үшін оған халық өзінің аманатын сеніп тапсырады.
Сондықтан үміткер бар күш-жігерін жұмсап, өзінен кейін қалдыратын із, өзінің бар мүмкіндігін сарп етіп, ел үшін жұмыс істеп, қателіктен сақтанады. Халыққа барынша қызмет етіп, жақсы із қалдыруға күш салады.
Дана НҰРЖІГІТ,
Сенат депутаты