Білім • Бүгін, 15:45

Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсуге арналған сынақ тесттері 2027 жылы да сақталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады

Министрдің айтуынша, талапкерлер қазіргідей сынақ тестін екі рет тапсырып, өз деңгейін бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың әлсіз және мықты тұстарын анықтауға көмектеседі.

«Сынақ тесті сақталады. Талапкерлер алаңдамаса болады», деді ол.

Сонымен қатар ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік беретін сынақ тесттері өз күшінде қалады. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін өткізілетін негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енді бір рет қана тапсырылады.

Министрдің сөзінше, аталған өзгерістер келесі жылдан бастап енгізіледі, ал толық ақпарат күз мезгілінде жарияланады.

ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?

Бұдан бөлек, талапкерлерге балама жаңа тест форматы ұсынылуы мүмкін. Ведомство басшысы оның алдағы бес жыл ішінде ҰБТ-ны біртіндеп алмастыруы ықтимал екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 2004 жылдан бері жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының орнына қолданылып келеді.

Соңғы жаңалықтар