Фото: Ашық дереккөз
Депутат бағдарлама аясындағы бірнеше өрескел заңсыздықты тізбектеп берді: 151 стипендия жоспардан тыс және лимиттен асып тағайындалған. Бұл мақсатқа 2 млрд 519 млн теңге жұмсалған. Сондай-ақ 15 претендент тіпті Республикалық комиссияның шешімі болмаса да, шетелде білім алып жатыр.
Бақытжан Базарбектің айтуынша, 71 үміткер «бір-біріне кепілгер болып», мемлекетке 876 млн теңге шығын келтірген.
«Менің есебімше, шығын көлемі 10 миллиард теңгеге жуықтайды. Кімнің балалары мен туыстары шетелде «тегін» оқып жатыр? Министрлік олардың тегін нақты әрі ашық жариялауы тиіс», деді Бақытжан Базарбек.
Депутат бұл мәселені тексеру үшін Бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құруды ұсынды. Оның мақсаты – Жоғары аудиторлық палата анықтаған 10 миллиард теңгелік заңсыздықтарға қатысы бар лауазымды тұлғаларды анықтау және жұмсалған қаржыны мемлекетке қайтару.
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Еске сала кетейік, халықаралық «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдау 16 наурызда басталып, 16 қазанда аяқталады. Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13 сәуірден 31 желтоқсанға дейін өтеді.