Қоғам • 11 Қазан, 2022

Әлеуметтік төлемдер санаулы минутта түседі

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді әлеуметтік төлемдер онлайн режімде 1-2 минут ішінде төлем мақсаты бойынша түседі. Егер бұрын берешек болса және салық төлеушінің банктік шотына тыйым салынса, енді онлайн төлем түскен кезде келесі күні банктік шот ашылады.

Әлеуметтік төлемдер санаулы минутта түседі

Бұрын бұндай жағдайда шот ашу үшін 2-3 күн күту керек болатын. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Бюджеттен тыс төлемдер туралы мәлі­мет­терді (міндетті зейнетақы жарналары, әлеу­меттiк аударымдар, міндетті әлеумет­тік медициналық сақтандыру аударымдар және жарналарының түсімдері) алу уақытын қысқарту мақсатында «Халық банкі» АҚ және «Каспий банк» АҚ-мен «электрондық үкімет» төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүргізілген бюджеттен тыс төлемдер туралы ақпаратты онлайн бе­ру қызметі енгізілді. Алдағы уақытта бас­қа екінші деңгейлі банктердің қосылуы күтілуде. 

Бұл ақпаратты онлайн алу салық төлеушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу, мемлекеттік, банктік және т.б. қызметтерді алу үшін әлеуметтік төлемдер бойынша төлемін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024