Бұрын бұндай жағдайда шот ашу үшін 2-3 күн күту керек болатын. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Бюджеттен тыс төлемдер туралы мәліметтерді (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар және жарналарының түсімдері) алу уақытын қысқарту мақсатында «Халық банкі» АҚ және «Каспий банк» АҚ-мен «электрондық үкімет» төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүргізілген бюджеттен тыс төлемдер туралы ақпаратты онлайн беру қызметі енгізілді. Алдағы уақытта басқа екінші деңгейлі банктердің қосылуы күтілуде.
Бұл ақпаратты онлайн алу салық төлеушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу, мемлекеттік, банктік және т.б. қызметтерді алу үшін әлеуметтік төлемдер бойынша төлемін жедел көрсетуге мүмкіндік береді.