Ішкі істер министрлігі құжаттарды тексеруді кейінге қалдырмай, дәл қазір қарауды сұрайды.
«Мәселе тек техникалық байқау мен сақтандыру полисінің болуында ғана емес. Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімін де тексеріңіз. Бүгінде мұны бірнеше минут ішінде онлайн әрі кезексіз жасауға болады. Бұл жай ғана ереже емес. Бұл – сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі. Техникалық байқау – көліктің жарамдылығы. Сақтандыру полисі – жол-көлік оқиғасы болған жағдайда мүддеңізді қорғайтын құжат», деп түсіндірді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше, автоматты тіркеу камералары мұндай құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр. Атап өтер жай, бұл шаралар жазалау үшін емес, тәуекелдердің алдын алып, өмірлерді сақтауға бағытталған.
Алматы полициясы азаматтық көлікпен жасырын рейд жүргізіп жатыр
«Қарапайым талаптарды сақтау – бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің, сеніміңіздің және жолдағы тәртіптің кепілі. Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады», деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
715 заңбұзушылық анықталды: Алматыда автокөліктерге экологиялық бақылау күшейді