Партиялық тізімге Мәжілістің соңғы шақырылымының депутаттары Қарақат Әбден, Серік Егізбаев, Жигули Дайрабаев, Николай Арсютин және Ерболат Саурықов енді. Ал Мәжіліс депутаттары Анас Баққожаев пен Аян Зейнуллин кандидаттар қатарынан орын алмады.
«Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, құрылтайға 63 үміткердің тізімін бекітті
Сондай-ақ тізімге партияның жаңа төрағасы Қайрат Айтуғанов, «Бірлік» ЖШС-нің басшысы Жандос Әбдіжаппаров, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Ұлан Әбдіханов, Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Фарид Әбітаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Айтбаев, Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары Дәурен Бабамуратов, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Самал Нұғманова және басқа да үміткерлер кірді.
Жалпы партиялық тізімдегі кандидаттардың 71 пайызы – ерлер, 29 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар үміткерлердің 8,7 пайызы ерекше қажеттілігі бар азаматтар.