Қоғам • 12 Қазан, 2022

Салықтан құтылмассың қашсаң-дағы...

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кіріс комитетінің дерегі бойынша Алматы облы­сы мүлік салығының қарызы тізімінде көш бастап тұр. Яғни аймақта са­­лық төлемеген 179 820 жеке тұлға бар.

Салықтан құтылмассың қашсаң-дағы...

Жалпы, соңғы уақытта облыста салықтан жалтару мен берешекті өтемеуге қатысты даулы істер кө­бейіп отыр. Сондай жағымсыз оқиғаның бірі Қонаев қаласында орналасқан ойынханалардың бірі­нен анықталған. Бұл туралы жедел тексеру жүргізген облыстық прокуратураның өкілдері мәлім­деді.

– Қазір облыстық прокура­ту­ра­ның талабы бойынша салық саласының мамандары Қонаевта­ғы ойынханаларға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру кезінде заң бұзу фактісі анықтал­ды. Мәселен, ойын автоматтары қойылған залдардың барлығын­да ұтыс ақшаның пайызын дұ­рыс өтемеу фактісі тіркелді. «Ойын биз­несі туралы» заңының 12-бабы 6-бөлігі бойынша қонақтар ұтыстың 95 пайызын алуы керек, сәйкесінше, ойынхана 5 пайызын ұстап қалуға құқылы. Алайда ойынхана ұтыстың 25-30 пайызына дейін, тіпті кейбір залдарда 50 пайызға дейін үлесті алып қа­лып отырған. Тексеріс барысында ойын бизнесімен айналысатын­дар­дың қалтасында 2,6 млрд теңге қал­ғаны анықталды. Бұл қаржы қонақтар жеңген кезінде берілуі керек болған, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Әбіров.

 

Алматы облысы