Жалпы, соңғы уақытта облыста салықтан жалтару мен берешекті өтемеуге қатысты даулы істер көбейіп отыр. Сондай жағымсыз оқиғаның бірі Қонаев қаласында орналасқан ойынханалардың бірінен анықталған. Бұл туралы жедел тексеру жүргізген облыстық прокуратураның өкілдері мәлімдеді.
– Қазір облыстық прокуратураның талабы бойынша салық саласының мамандары Қонаевтағы ойынханаларға жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру кезінде заң бұзу фактісі анықталды. Мәселен, ойын автоматтары қойылған залдардың барлығында ұтыс ақшаның пайызын дұрыс өтемеу фактісі тіркелді. «Ойын бизнесі туралы» заңының 12-бабы 6-бөлігі бойынша қонақтар ұтыстың 95 пайызын алуы керек, сәйкесінше, ойынхана 5 пайызын ұстап қалуға құқылы. Алайда ойынхана ұтыстың 25-30 пайызына дейін, тіпті кейбір залдарда 50 пайызға дейін үлесті алып қалып отырған. Тексеріс барысында ойын бизнесімен айналысатындардың қалтасында 2,6 млрд теңге қалғаны анықталды. Бұл қаржы қонақтар жеңген кезінде берілуі керек болған, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Әбіров.
Алматы облысы