Қоғам • 14 Қазан, 2022

Мәжбүрлі еңбек

1936 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД-ге қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұратын бір азаматқа 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалды.

Мәжбүрлі еңбек

Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқа­ру­шы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт са­ғат­тан асырылмай өтеледі. Сот­тал­ған­ға тағайындалатын жаза түрінің бірі – бас бостандығынан шектеу жазасы. Бас бостандығынан шектеу жазасы әдетте тұрақты жұмыс орны мен оқуда жоқ сотты болғандарға қолданылады. Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын бұл жаза түрі жазаны өтеудің бүкіл мер­зі­мі ішінде жыл сайын жүз сағаттан та­ғайын­далады.

Заң талаптарына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тарту күніне төрт сағаттан аспауы қажет. Осындай жаза түріне сотты болғанның бірі – жиырма екі жастағы Берік есімді азамат. Ол 2021 жылы Түр­кістан қалалық сотының үкімімен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған. Сонымен қатар ол жаза өтеу кезінде 100 сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды да атқарды.

– Сотталған азамат 100 сағаттық мәж­бүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан «Жарық-Тазалық» ЖШС-ге жіберілді. Қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Бұл еңбекті қоғамға пайдалы әрі тиімді ету үшін әкімшілік ғимаратының алдын қоқыстан тазалау, абаттандыру, түзету және көктем мезгілінде жер аударып аулаға күл отырғызып, шарбақтарын сыр­лау секілді еңбек етіп жазасын өтейді. Мәжбүрлі еңбегін аяқтаған соң Түркістан «Жарық-Тазалық» ЖШС мәжбүрлі еңбегінің аяқталғандығы тура­лы кесте жасап, қалалық пробация қыз­метіне жазбаша түрде хабарлайды, – дейді Түркістан қалалық ПҚБ аға инс­пекторы Жанболат Абдрахманов.

Пробация инспекторының сөзіне қарағанда, мәжбүрлі еңбек бас бос­тан­д­ы­ғын шектеу жазасына тартылған азаматтар үшін тиімді. Себебі олар жұмыссыз үйде жатпайды, 4 сағат болса да еңбек етіп, жұмыс істеуге дағдыланады. Ал кейбір сотталған азаматтар тез арада жұ­мысқа орналасып кететін жайттар да кездеседі екен. Сотталған Берік есімді азамат 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа жіберілді.

Мәжбүрлі еңбекке тартылған азамат­тарға ешқандай ақы төленбейді. Кері­сінше өздеріне берілген жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді. Сот­талған азамат қоғамдық жұмысқа тарту жазасымен есепке алынғаннан кейін 10 күн ішінде жергілікті атқару органдарына жолданып, сол жерде өз жұмысын бастайды.

– Қазақта «қолыңмен істеген істі, мойныңмен көтер» дейді ғой. Әрине, өзімнің жасаған қылмысымды мойындаймын. Қателікке жол беріп, есірт­кі заттарын пайдаландым. Маған қоғам­дық мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Он күннен бері осы жа­заны өтеп жүрмін. Енді 80 сағаттық еңбегімді өтеймін. Жасаған қылмысыма өкі­немін, оны алдағы уақытта қайта­ламаймын, – деді сотталған Берік.

 

Раушан НАРБЕК

 

Түркістан облысы