Қазақстан • 14 Қазан, 2022

Қазақстанда такси бағасы 9% қымбаттаған

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Қазақстанда такси бағасы 9%-ға көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

 

Қазақстанда такси бағасы 9% қымбаттаған

Ranking.kz деректері бойынша, Қазақстанда такси бағасы ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір қымбат. 

Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құраса, арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында екен. ТМД елдерімен салыстырсақ, Әзербайжан мен Ресейде баға қымбатырақ, ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда такси бағасы Қазақстанға қарағанда біршама арзан.

р

Сондай-ақ қаңтар - тамыздағы статистика бойынша такси қызметін ұсынатын компаниялардың жылдық кірісі 6,4% көбейіп, 3 млрд теңгені құраған.