![Қазақстанда такси бағасы 9% қымбаттаған](/media/2022/10/14/crop-31_-1_182x242_bez-nazvaniya-3.jpg)
Ranking.kz деректері бойынша, Қазақстанда такси бағасы ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір қымбат.
Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құраса, арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында екен. ТМД елдерімен салыстырсақ, Әзербайжан мен Ресейде баға қымбатырақ, ал Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда такси бағасы Қазақстанға қарағанда біршама арзан.
Сондай-ақ қаңтар - тамыздағы статистика бойынша такси қызметін ұсынатын компаниялардың жылдық кірісі 6,4% көбейіп, 3 млрд теңгені құраған.