Әлем • 14 Қараша, 2022

Ыстанбұлда жарылыс жасаған адам ұсталды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ішкі істер министрлігі Ыстанбұлда жойқын жарылыс жасаған адамның ұсталғаны туралы хабар таратты, деп жазады Egemen.kz. Құзырлы органның пайымынша, бұл террористік әрекетке Күрдістан Жұмысшылар партиясының қатысы болуы мүмкін. 

Ыстанбұлда жарылыс жасаған адам ұсталды

Бұл туралы TRT Haber теларнасында Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бұған дейін 21 адам ұсталып,  бомбаны орналастырған адам қамауға алынған. 

 - Жақын арада бізге бұл азапты тарттырғандардың жазасын бұдан да ауыр азаппен қайтарамыз, деді ол телеарнаға берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты. Ал бұған дейін жарылыстан алты адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Естеріңізге салайық, кеше сағат 16:20 шамасында Ыстанбұлдың Бейоғлы ауданында жарылыс болып еді.  Жарылыс орын алған Истикляль көшесі толығымен жабылып, жақын маңдағы Таксим мешіті де жұмысын уаықтша тоқтатты.

Түркия вице-президенті Фуат Октай бомбаны әйел адам қойғанын айтты. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалағанын растады. Айта кетейік, Түркияның Радио және телевидениенің жоғарғы кеңесі жергілікті БАҚ-тың жарылысты көрсетуіне тыйым салған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024