Бұл туралы TRT Haber теларнасында Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бұған дейін 21 адам ұсталып, бомбаны орналастырған адам қамауға алынған.
- Жақын арада бізге бұл азапты тарттырғандардың жазасын бұдан да ауыр азаппен қайтарамыз, деді ол телеарнаға берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты. Ал бұған дейін жарылыстан алты адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.
Естеріңізге салайық, кеше сағат 16:20 шамасында Ыстанбұлдың Бейоғлы ауданында жарылыс болып еді. Жарылыс орын алған Истикляль көшесі толығымен жабылып, жақын маңдағы Таксим мешіті де жұмысын уаықтша тоқтатты.
Түркия вице-президенті Фуат Октай бомбаны әйел адам қойғанын айтты. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалағанын растады. Айта кетейік, Түркияның Радио және телевидениенің жоғарғы кеңесі жергілікті БАҚ-тың жарылысты көрсетуіне тыйым салған.