Елорда • 14 Қараша, 2022

Қасым, Жомарт, Кемел: Елордада үшем дүниеге келді

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қасым, Жомарт, Кемел есімдері берілген үш ұл дүниеге келді. Үшемнің ата-анасы №2 көпсалалы қалалық аурухана дәрігерлеріне алғыстарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым, Жомарт, Кемел: Елордада үшем дүниеге келді

Үшемнің ата-анасы Марал мен Сәбит медбике және тіс дәрігері болып жұмыс істейді. Бұл олардың тұңғыш балалары, балалардың атын атасы қойған.

Үшем шала туылған, балалардың салмағы 1000 грамм шамасында болған. Олар жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінде жатты.

«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы», деді үшемнің анасы Марал Соппек.