Үшемнің ата-анасы Марал мен Сәбит медбике және тіс дәрігері болып жұмыс істейді. Бұл олардың тұңғыш балалары, балалардың атын атасы қойған.
Үшем шала туылған, балалардың салмағы 1000 грамм шамасында болған. Олар жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінде жатты.
«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы», деді үшемнің анасы Марал Соппек.