Беймәлім ер адам салонға кіріп, әкімшіге дөрекі түрде әжетхананың қайда екенін көрсетуді талап еткен. Қызметкер одан кетуін сұрағанда: «Ал егер мен біреуді өлтіріп қойған болсам ше?» деп сес көрсеткен. Зәресі ұшқан бойжеткен оған есікті көрсетіп, ер адам жуынғаннан кейін ғана ғимараттан шығып кеткен. Салон қызметкері бірден полицияға хабарласқан.
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталып, жедел түрде ұсталғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас күйде болған.
«Оның дене жарақатын өзі салғаны анықталды. Видеодағы қан – өз қаны. Өзге адамдарға зиян келтіру фактісі тіркелген жоқ. Ол айналасындағыларға ешқандай қауіп төндірмеген», деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ұсталған адамның жанынан арматура мен пышақ табылғаны айтылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық жағдайын жан-жақты зерттеп жатыр.