Пікір • 22 Қараша, 2022

Әр дауыс маңызды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар дауыс берудің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіп, осылайша, саяси мәдениеттің биіктігін байқатты.

Әр дауыс маңызды

Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сүйенсек, еліміз бойынша сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ең бастысы, дауыс беру заң талабына сай өтті.

Осы жолы әкімшілік ресурс деген ұғымның артта қалғанын байқадық. Ерік­ті мәжбүрлеу болмады, фотоесеп сұ­рал­мады. Керісінше, дауыс беру күні мен бүкіл науқанның тазалығын көрсетуге басымдық берілді. Кандидаттардың сай­­лау­ал­ды бағдарламалары да олардың те­рең дайындалып, жағдайды сараптағанын байқатады.

Кандидаттар сайлауалды бағдарла­маларында елдің даму жолының барлық палитрасын ұсынды. Оның ішінде реформалар, дәстүр, зиялы қауым, әйелдер құқығы мәселелері көтерілді.

Биыл ең бастысы, таңдау бар. «Бә­ріне қарсымын» бағаны демократия­лық таң­даудың жоғары сатысына көте­рілгені­мізді байқатады. Дауыс беру барлық халық­аралық стандартқа сәйкес жасал­ған. Еріктілік пен таң­дауды сезген аза­мат­тар өздері сайлау учаскесінен табылды. Соған қарап-ақ биылғы дауыс беру үлесінің жоғары болатынын бірден аңғарған едік.

 

Айбар ОЛЖАЕВ,

тәуелсіз сарапшы