Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сүйенсек, еліміз бойынша сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 62,34 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ең бастысы, дауыс беру заң талабына сай өтті.
Осы жолы әкімшілік ресурс деген ұғымның артта қалғанын байқадық. Ерікті мәжбүрлеу болмады, фотоесеп сұралмады. Керісінше, дауыс беру күні мен бүкіл науқанның тазалығын көрсетуге басымдық берілді. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламалары да олардың терең дайындалып, жағдайды сараптағанын байқатады.
Кандидаттар сайлауалды бағдарламаларында елдің даму жолының барлық палитрасын ұсынды. Оның ішінде реформалар, дәстүр, зиялы қауым, әйелдер құқығы мәселелері көтерілді.
Биыл ең бастысы, таңдау бар. «Бәріне қарсымын» бағаны демократиялық таңдаудың жоғары сатысына көтерілгенімізді байқатады. Дауыс беру барлық халықаралық стандартқа сәйкес жасалған. Еріктілік пен таңдауды сезген азаматтар өздері сайлау учаскесінен табылды. Соған қарап-ақ биылғы дауыс беру үлесінің жоғары болатынын бірден аңғарған едік.
Айбар ОЛЖАЕВ,
тәуелсіз сарапшы