«Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін сағат 21:13-те тіркеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Сезілу деңгейі 2 балл болған.
Жер сілкінісі сезілген өңірлер
Шымкент қаласы
Түркістан облысы:
Мақтаарал ауданы – Мырзакент кенті,
Жетісай ауданы – Жетісай қаласы,
Келес ауданы – Абай ауылы,
Сарыағаш ауданы – Сарыағаш қаласы,
Шардара ауданы – Шардара қаласы,
Қазығұрт ауданы – Қазығұрт ауылы,
Төлеби ауданы – Ленгер қаласы,
Сайрам, Манкент ауылдары,
Сайрам ауданы – Ақсукент ауылы,
Түлкібас ауданы – Тұрар Рысқұлов ауылы,
Арыс қаласы,
Ордабасы ауданы – Темірлан ауылы,
Отырар ауданы – Шәуілдір ауылы,
Бәйдібек ауданы – Шаян ауылы,
Түркістан, Кентау қалалары,
Сауран ауданы – Шорнақ ауылы,
Созақ ауданы – Шолаққорған ауылы.
Жамбыл облысы:
Жуалы ауданы – Бауыржан Момышұлы ауылы,
Тараз қаласы,
Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылы,
Жамбыл ауданы – Аса ауылы,
Т. Рысқұлов ауданы – Құлан ауылы,
Меркі ауданы – Меркі ауылы,
Талас ауданы – Қаратау қаласы,
Сарысу ауданы – Жаңатас қаласы,
Қордай ауданы – Қордай ауылы.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек
ТЖМ 10 негізгі ережені еске салды:
- сабыр сақтап, үрейге бой алдырмау;
- дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбау;
- жиһаздан, терезеден, люстрадан алыс тұру;
- берік паналау орнын табу (жоғарғы қабатта болсаңыз, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышына тұру);
- дүмпулер тоқтағаннан кейін ғимараттан шығу;
- су, газ, электрді өшіру;
- алдын ала дайындалған «дабыл сөмкесін» алу;
- электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болу;
- қайталама дүмпулерге дайын болу;
- қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу.
Жамбыл облыстық ТЖД-де «жедел желі» телефондары жұмыс істейді: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.
Айта кетейік, 31 наурызда Жетісу облысында да 2 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Сол күні Жаркент қаласының тұрғындары жерасты дүмпулерін екі рет сезген.