Қаржы •

7 шілдеден бастап Қазақстанда барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 7 шілдеден бастап төлемдер мен ақша аударымдарына арналған бірыңғай QR-код жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Ал жүйені толық іске қосу 2026 жылдың 19 шілдесіне жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz

7 шілдеден бастап Қазақстанда барлық банкке бірыңғай QR-код жүйесі енгізіле бастайды

Фото: istockphoto.com

Мұндай шешім Қазақстан Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласында екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қаржыгерлері Қауымдастығы өкілдерімен өткізген кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданды. Кездесу барысында мобильді аударымдар мен QR арқылы төлем жасау сервистерін одан әрі енгізу мәселелері талқыланды.

️Полиция ескертеді: Көшедегі күмәнді QR-кодтардан сақ болыңыз

Бірыңғай QR-код Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің құрамдас бөлігі болады. Бұл сервис әртүрлі банктердің клиенттеріне телефон нөмірі арқылы ақша аударуға және бір ғана QR-код арқылы сатып алған тауары мен қызметінің ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Қан құю процесі енді QR-код арқылы бақыланады

Сонымен қатар сауда орындарында орнатылатын төлем терминалдарының санын кәсіпкерлер өздері, банктердің қызмет көрсету шарттарына қарай дербес анықтайды.

Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі

Соңғы жаңалықтар