Технология • Бүгін, 13:00

Қан құю процесі енді QR-код арқылы бақыланады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қан құю қауіпсіздігін арттыратын жаңа цифрлық жүйе енгізілді. Республикалық қан орталығында қан компоненттерін бақылауға арналған ScanQAN цифрлық жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қан құю процесі енді QR-код арқылы бақыланады

Жаңа технология қан құю процесінің қауіпсіздігін арттырып, адам факторы әсерінен болатын қателіктерді азайтуға бағытталған жүйеге сәйкес, қан компоненттерінің жапсырмаларына QR-кодтар енгізіледі. Медициналық қызметкер кодты сканерлеген кезде қан өнімі туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады.

«Цифрлық көмекші медициналық мамандарға клиникалық жағдайларда жылдамырақ бағдар алуға, әр қан компоненті бойынша кеңейтілген ақпарат алуға мүмкіндік береді. Оның ішінде көрсетілімдер, шектеулер және әртүрлі клиникалық жағдайларда қолдану бойынша ұсыныстар бар», делінген хабарламада.

Қазақстанның бірыңғай QR- коды шетелде де қолжетімді болады

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жүйе арқылы зертханалық талдау нәтижелері, қан компонентінің сипаттамасы, сақтау шарттары, қолдану ерекшеліктері және клиникалық ұсыныстар көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк 19 шілдеден бастап барлық банктер бірыңғай QR-төлемдер жүйесіне қосылатындығын мәлімдеген еді. 

 

Соңғы жаңалықтар