Әлем •

АҚШ-та егде жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді

2 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға маусым айында АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Механиквилл қаласында болды. Полиция қызметкерлері 64 жастағы Эми Стедманның үйіне кірген кезде алты адамның мәйітін тапқан. Тергеу мәліметінше, олардың мәйіттері үйде кемінде екі апта жатқан. Марқұмдардың мәйіттері 23 маусымда табылғанымен, бұл оқиға туралы ақпарат жақында ғана жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-та егде жастағы әйел өзін, қызын және төрт немересін улап өлтірді

Фото: Bild

Қаза тапқандардың барлығы бір отбасының мүшелері. Эми Стедманнан бөлек, оның 44 жастағы қызы Сара Майерс және оның 13, 11 және 10 жастағы егіздері көз жұмған.

Тергеушілер үйден 64 жастағы әйелдің өз отбасын өлтіргенін меңзейтін көптеген айғақ тапқан.

Полиция басшысы Уильям Рэббиттің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша отбасы мүшелері рецептсіз және дәрігер тағайындайтын дәрі-дәрмектердің көп мөлшерін пайдалану арқылы әдейі уланған. Оқиға орнынан қоштасу хаты да табылған.

Астана маңындағы ауыл тұрғыны туыстарының денесін бөлшектеп тастаған

Тергеудің болжамынша, қайғылы оқиғаға балалардың қамқорлығына қатысты дау себеп болуы мүмкін. People журналының мәліметінше, оқиғаға дейін балалардың әкесіне олармен 60 күн бойы кездесуге рұқсат берілген. Тергеушілер Эми Стедман немерелерін қызының қамқорлығынан алып кетуге жол бермеу үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін деп есептейді.

Еске сала кетейік, Атырау облысында төрт адам жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. Оқиға 2025 жылдың соңында Жангелдин ауылында болған. Айыптау тарапының мәліметінше, күдікті өзіне күмән туғызбау үшін туыстары емделуге кетіп қалған деген ақпарат таратқан. Сонымен қатар марқұм болған 32 жастағы балдызы Наурыздың атынан туыстарымен хабарласып, мессенджерлер арқылы хат жазып отырған. 2026 жылғы 6 қаңтарда егде жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіттері өз үйлерінің ауласындағы сарайдан табылған. Осыдан кейін күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Ақпан айының соңында Сәрсемәлиев жұбайымен бірге Индонезиядағы Бали аралында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Кейін күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айыптар тағылғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар