Фото: Sports.kz
«Ордабасы» басшылығы Андрей Мартинге ұзақ мерзімді келісімшарт әзірлеп жатыр.
Еске салайық, биылғы Қазақстан Премьер-лигасы маусымында Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» 15 матч өткізіп, 37 ұпай жинады және бірде-бір рет жеңілген жоқ.
«Елімай» және «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Қазіргі уақытта шымкенттік клуб турнир кестесінде көш бастап тұрған алматылық «Қайраттан» екі ұпайға қалып келеді. Алайда «Ордабасының» қоржынында артық үш ойын бар.
Айта кетейік, бұған дейін «Ордабасы» футбол клубы электронды сауда алаңында 156,9 млн теңгеге сатылып, жеке меншікке өтті. Бұл сома клубтың бағалау құнынан шамамен 30 пайызға төмен.