Фото: Ақорда
«Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды», деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.