Әлем •

Мелания Трамптың фильмі табыс әкелмесе де, миллиондаған долларға ие болды

1 мин
оқу үшін

Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралуына дейінгі 20 күнді баяндайтын «Мелания» деректі фильмі кассалық табыс жағынан сәтсіз шыққанына қарамастан, АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трампқа миллиондаған доллар табыс әкелді. АҚШ президентінің жарияланған қаржылық декларациясына сәйкес, Мелания Трамп фильмге берілген лицензиялық құқықтардан 10,71 миллион доллар табыс тапқан, деп жазады Egemen.kz.

Мелания Трамптың фильмі табыс әкелмесе де, миллиондаған долларға ие болды

Фото: Bild

Бұл деректі фильмді Amazon компаниясы түсірген. Туынды ерлі-зайыпты Трамптардың қаржылық құжаттарында көрсетілген бірінші ханымның ең ірі табыс көзі. Сондай-ақ құжаттарға сәйкес, оған «Мелания» атты естелік кітабынан 521 161 доллар, ал NFT мен басқа да коллекциялық заттарды сатудан 6 миллион доллардан астам кіріс кірген.

Трамптың жүрегі өз жасынан 14 жылға «жас» болып шықты

Фильмнің тұсаукесеріне дейін-ақ The Wall Street Journal басылымы Мелания Трамптың фильмнің құқықтарын сатқаны үшін 28 миллион доллар алғанын хабарлаған болатын. Соған қарамастан, деректі фильм әлемдік прокаттан небәрі 14,6 миллион еуро жинады, ал жобаға салынған инвестиция көлемі – 65,5 миллион еуро. Оның ішінде 35 миллион еуродан астамы фильмнің құқықтарын сатып алу мен өндіріс шығындарына, тағы 31 миллион еуро маркетингке жұмсалған. Премьерадан кейінгі алғашқы демалыс күндері фильм АҚШ-тағы 1778 кинотеатрда бар болғаны 7,04 миллион доллар табыс әкелді.

Трамптың немересі өз шындығын айтты

Жобаның шығынын кем дегенде ішінара өтеу үшін Amazon енді фильмді Prime Video стримингтік сервисінде көрсету арқылы қосымша табыс табуға үміт артып отыр.

Соңғы жаңалықтар