Бокс •

Жәнібек Әлімханұлы: Үш салмақ дәрежесінде чемпион болуға дайындалып жатырмын

1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жектерге дайындығы қалай жүріп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы: Үш салмақ дәрежесінде чемпион болуға дайындалып жатырмын

Фото: sports.kz

Боксшы жаттығу барысынан бейнежазба жариялап, болашақтағы басты мақсаты – үш түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану екенін мәлімдеді.

«Жаттығу қарқынды жалғасып жатыр! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы мен халықтың бізге артқан сенімі жеңіске деген жігерімізді одан әрі күшейтеді. Бір ғана емес, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазір Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасынан мельдоний табылуына байланысты бір жылдық дисквалификация мерзімі өтіп жатыр. Оның шаршы алаңға қайта оралуы биылғы желтоқсан айына жоспарланған.

Еске салайық, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылдың желтоқсанында жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар