Оқиға •

Абай облысындағы шахтада алты кенші жарақат алды

1 мин
оқу үшін

1 шілде күні Абай облысындағы Орлов шахтасында жерасты көтергішінің кенет тоқтауынан алты жұмысшы жарақат алды. Сол сәтте көтергіште 15 адам болған. Бұл ақпаратты «KAZ Minerals» компаниясы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы шахтада алты кенші жарақат алды

Фото: depositphotos.com

Компанияның корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкеневтің айтуынша, көтергіш төмен түсіп бара жатқан кезде оны белгілі бір деңгейде ұстап тұратын тоқтатқыш механизмдердің бірі өздігінен іске қосылған. Соның салдарынан көтергіш қозғалыс кезінде оған тіреліп, кенет тоқтап қалған.

Күрт тежелудің салдарынан алты жұмысшы зардап шеккен. Олардың үшеуі жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді. Қалған үш адам Семей қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң ауруханадан шығарылды.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Оқиғаның нақты себебі анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жалғасады.

Ақмола облысы Біржан сал ауданында «Қазгер» ЖШС-нің төрт жұмысшысы өндірістік жарақат алды.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында өндірістік жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар