Елорда •

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің Аккредиттеу орталығы ашылады

1 мин
оқу үшін

8 шілде күні «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) мультиспорттық турнирі Астанада «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) Аккредиттеу орталығын ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің Аккредиттеу орталығы ашылады

Фото: Ашық дереккөз

«Болашақ ойындары» (GOTF) – кәсіби ойыншыларды, клубтар мен жанкүйерлерді бір алаңда біріктіретін фиджитал-спорт әлеміндегі халықаралық іс-шара. Турнир цифрлық тактика мен физикалық төзімділік тең түсетін жарыстардың жаңа форматын көрсетеді. Астана осы инновациялық спорт түрлерінің тартылыс орталығына айналады.

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?

Ашылу рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің өкілдері және «Қазспортинвест» АҚ басшылығы қатысады.

Айта кетейік, «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) халықаралық мультиспорттық турнирінің негізгі ұйымдастырушысы, Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазспортинвест» АҚ болып табылады. «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) турнирінің құқық иеленушісі Phygital International.

Іс-шараның өтетін нақты уақыты қосымша хабарланады.

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 900-ге жуық спортшы келеді

Соңғы жаңалықтар