Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ерлі-зайыптыны өліміне байланысты әр түрлі ақпарат таралып жатыр. Соның бірі – марқұмдарды тұншықтып өлтірді деген дерек.
Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды
«Ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бар. Пышақты тығу арқылы жарақат салған. Полиция қызметкерлері марқұмдардың мүрдесін сот-медициналық сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысынан кейін марқұмдардың өліміне не себеп болғаны жөнінде нақты мәлімет беріледі», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Ал сот-медициналық сараптаманың қорытындысы қашан дайын болатыны белгісіз.
Бұған дейін Атырауда жоғалған отбасының күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.