Оқиға • Бүгін, 19:23

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Ведомство мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған.
 
Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
 
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған.
«Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген», делінген хабарламада. 
Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға төрт адамнан тұратын отбасының жоғалғаны туралы хабар түсті: 66 және 64 жастағы ерлі-зайыптылар және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы. Полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаңтардың басында шаруашылық ғимаратында ерлі-зайыптылардың денелері пышақ жарақаты іздерімен табылды. Полиция күдіктіні іздеуге жариялады.

Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр

Сонымен қатар, Атырау облысы ТЖД 32 жастағы Наурыз Мұқанғали мен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаны ресми түрде іздеу тоқтатылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар