Сауда • Бүгін, 15:36

Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда QR-код арқылы сатушыларға шағым жолдауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба енгізіледі. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі

Фото: Ашық дереккөз

Комитет төрағасының айтуынша, бұған дейін шағымды алғаш рет елемеген кәсіпкерлерге ескерту ғана жасалса, енді мұндай құқықбұзушылық үшін бірден айыппұл салынады.

 «Әрбір сатушының сауда орнында QR-коды болуы керек. Егер чекке қатысты сұрақтар туындаса, сатып алушы сол код арқылы Мемлекеттік кірістер департаментіне шағым жібере алады. Біз осы QR-код арқылы тұтынушы сатушының өзіне тікелей шағым жолдай алатындай жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз. Көп жағдайда бутиктерде сатушылар жұмыс істейді, ал бутик иесі тауар сату кезінде қандай заңбұзушылықтар болып жатқанын білмеуі мүмкін», деген Болат Танабергенов пилоттық жоба толық дайын болған кезде ресми түрде таныстырылатынын айтты.

Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде донорлық процедураларды бақылауға арналған QR жүйесі енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар