Пікір • 22 Қараша, 2022

Азаматтардың сенімі жоғары

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, сайлаушылардың 80 пайыздан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Азаматтардың басым бөлігі Президенттің мемлекеттік жүйені реформалау саясатын, тиімді басқару үлгісін, экономиканы монополиясыздандыруды және әділ әлеуметтік саясатты қолдады. Халқымыз Мемлекет басшысына зор сенім артып отыр. Бұл озық идеяларды жүзеге асыру және басталған реформаларды тереңдетуге жол ашады.

Азаматтардың сенімі жоғары

Ал электораттың 70 пайызға жуығы қатысуы сарапшылардың болжамына сәйкес келеді. Әрине, халықтың Қ.Тоқаевтың жеңісіне сенімі, ірі қалалардағы дәстүрлі енжарлық, ауа райының салқындығы сайлау белсенділігіне әсер етуі мүмкін еді. Бірақ, жалпы алғанда, сайлау нәтижесі азаматтардың Тоқаевтың саяси және экономикалық уәделеріне деген үлкен үмітін көрсетеді.

Жалпы, алдағы жеті жылда Қ.Тоқаевтың сайлау­алды бағдарламасы жүзеге асады, қоғам өміріне және экономиканың жетекші салаларында түбегейлі өзгерістер болады. Аймақтық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы өңірлерге жасаған сапарларында жергілікті жердегі өзекті мәселелерді айтып, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.

Осы науқан барысында Президент жақсы қарым-қатынас дағдысын көрсетті. Ол тұрғындардың тілін тауып, әр елді мекеннің жағдайын сенімді түрде түсінетінін көрсетті, олардың қиындықтары мен өсу тұстарын анықтады. Бұл – мемлекеттік басқарудың бүкіл деңгейінде қабылдануға тиіс ашық коммуникация үлгісі.

Реформалардың мақсаттары мен міндеттері туралы ортақ түсінік, сондай-ақ әрбір негізгі бағыт бо­йынша дәйекті іс-шаралар жоспары бар. Қ.Тоқаевтың саяси және тарихи мұрасы осы жоспардың сәтті жүзеге асуына байланысты болмақ.

 

Бақытжан ҚҰРМАНОВ,

саясаттанушы, PhD