Ал электораттың 70 пайызға жуығы қатысуы сарапшылардың болжамына сәйкес келеді. Әрине, халықтың Қ.Тоқаевтың жеңісіне сенімі, ірі қалалардағы дәстүрлі енжарлық, ауа райының салқындығы сайлау белсенділігіне әсер етуі мүмкін еді. Бірақ, жалпы алғанда, сайлау нәтижесі азаматтардың Тоқаевтың саяси және экономикалық уәделеріне деген үлкен үмітін көрсетеді.
Жалпы, алдағы жеті жылда Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жүзеге асады, қоғам өміріне және экономиканың жетекші салаларында түбегейлі өзгерістер болады. Аймақтық мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы өңірлерге жасаған сапарларында жергілікті жердегі өзекті мәселелерді айтып, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.
Осы науқан барысында Президент жақсы қарым-қатынас дағдысын көрсетті. Ол тұрғындардың тілін тауып, әр елді мекеннің жағдайын сенімді түрде түсінетінін көрсетті, олардың қиындықтары мен өсу тұстарын анықтады. Бұл – мемлекеттік басқарудың бүкіл деңгейінде қабылдануға тиіс ашық коммуникация үлгісі.
Реформалардың мақсаттары мен міндеттері туралы ортақ түсінік, сондай-ақ әрбір негізгі бағыт бойынша дәйекті іс-шаралар жоспары бар. Қ.Тоқаевтың саяси және тарихи мұрасы осы жоспардың сәтті жүзеге асуына байланысты болмақ.
Бақытжан ҚҰРМАНОВ,
саясаттанушы, PhD